Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiне арналған тарифтердi
қайта теңдестiру жоспарын және олардың әмбебап қызметтерiне арналған
тарифтердi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
21 тамыздағы N 884 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы N 28 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына және "Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 ақпандағы N 168 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiне арналған тарифтердi қайта теңдестiру жоспары;
2) Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiне арналған тарифтер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының