Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгі
құрылымын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 4 қазандағы N 1022 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 16 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң 58-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгi құрылымы бекiтiлсiн.
2. Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының әкiмдерi:
1) жергілiктi мемлекеттiк басқару құрылымын осы қаулыға сәйкес келтiрсiн;
2) әкiмдер аппараттарындағы салалық бөлiмшелердiң функцияларын жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарға бере отырып, оларды таратсын.
3. Орталық мемлекеттiк органдар екi апта мерзiмде облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерiне Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен келiсілген департаменттердiң (басқармалардың, бөлiмдердiң) ұсынылып отырған құрылымын жiберсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн 3-тармақты қоспағанда 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының