Республикалық бюджеттен оралмандар үшін бөлінетін қаражатты мақсатты
пайдалану туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 17.01.03 ж. N 48 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 25 ақпандағы N 225 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 17.01.03 ж. N 48 қаулысымен тақырып өзгертілді (бұр. ред. қара)
Бұрынғы редакцияларды қара
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 17.01.03 ж. N 48 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Республикалық бюджеттен оралмандар үшін бөлінетін қаражатты мақсатты пайдалану туралы ереже бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Көшіп келу квотасы және отандастарды Иран Ислам Республикасы мен басқа мемлекеттерден қоныс аударуын ұйымдастыру шаралары туралы" 1993 жылғы 15 сәуірдегі N 1184 қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1993 жылғы 27 мамырдағы N 437 қаулысының 10-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 19, 239-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің
1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 қаулысымен
бекiтiлген
Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн
қаражатты мақсатты пайдалану туралы
Ереже
ҚР Үкіметінің 17.01.03 ж. N 48 қаулысымен тақырып және мәтіндегі сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Жалпы ережелер