Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының
кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын
акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз
ставкалары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 28 қаңтардағы N 137 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 30.03.00 ж. N 462; 05.07.00 ж. N 1019; 12.08.00 ж.
N 1251; 17.08.00 ж. N 1275; 30.03.01 ж. N 422; 02.06.01 ж. N 753;
10.08.01 ж. N 1055; 26.04.02 ж. N 476; 11.06.02 ж. N 630; 11.10.02 ж. N
1108; 26.11.02 ж. N 1257; 20.02.03 ж. N 182; 27.02.04 ж. N 241
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 05 қарашадағы N 1157 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2003 ж. 1 қаңтарына дейін қолданылған редакцияны қара
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1-2-қосымшаларға сәйкес 2000 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне акциз ставкалары белгіленсін.
2. 3-қосымшаға сәйкес 2000 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің