(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИН. 25.03.00 Ж. № 247 БҰЙРЫҒЫ

Қазақстан Республикасы жоғары оқу-орындарына қабылдаудың Yлгi

ережелерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрлігінің 2000 ж. 25 наурыздағы N 247 Бұйрығы

(ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366;

17.05.02 ж. N 394; 22.02.03 ж. N 116-1 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР Білім және ғылым министрінің 23.03.04 ж. N 241 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Бұрынғы редакцияларды қара

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 сәуiрдегi N 464 "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жоғары оқу орындарында студенттер контингентiн қалыптастырудың жаңа моделi туралы" қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 ақпандағы N 315 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 сәуiрдегi N 464 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" қаулысын, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы 16 наурыздағы алқасының қаулысын орындау мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қосымша берiлген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына (бұдан әрi - жоо) қабылдаудың Үлгi ережелерi бекiтiлсiн.

2. Осы Үлгi ережелер Қазақстан аумағындағы барлық мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жоғары оқу орындарына қатысты деп белгiленсiн.

3. Жоғары бiлiм департаментi (Ә. Әбжаппаров):

1) бiр ай мерзiм iшiнде қабылдау бойынша хабарлау тәртiбiн, үлгiсiн және мерзiмiн дайындасын және оны жоғары оқу орындары мен аймақтық комиссияларға жеткiзсiн;

2) осы бұйрық белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге ұсынылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә. Ахметовке жүктелсін.

Министр

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2000 жылғы 25 наурыздағы

N 247 бұйрығына

қосымша

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына

қабылдаудың типтік ережелері

1. Жалпы ережелер



ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.03 ж. N 116-1 бұйрығымен 1-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына Қазақстан Республикасының жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiмi бар азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366; 22.02.03 ж. N 116-1 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 2-тармақ өзгертілді

2. Жоғары оқу орындарында студенттер контингентiн қалыптастыру мемлекеттiк маман даярлау тапсырыс (мемлекеттiк бiлiм гранты және мемлекеттiк бiлiм несиесi) бюджеттiк қаражат негiзiнде және жеке тұлғалардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздерi арқылы жүзеге асырылады.

Қазақ ұлтының басқа мемлекет азаматы болып табылатын өкiлдерiне, шет ел азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға, сонымен бiрге Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтарына мемлекеттiк бiлiм грантын алуға Қазақстан Республикасының азаматымен бiрдей құқық берiледi.

Қазақ ұлтының басқа мемлекет азаматы болып табылатын өкiлдерiне мемлекеттiк бiлiм несиесiн алуға Қазақстан Республикасының азаматымен бiрдей құқық берiледi.

Шет мемлекеттердiң басқа азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар жоғары оқу орындарына (ЖОО) Қазақстан Республикасының заңдылықтарында, сондай-ақ халықаралық келiсiмдерге сәйкес, Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен қабылданады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.03 ж. N 116-1 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Жоғары оқу орындарына түсетiн азаматтар қабылдау емтихандарын кешендi тестiлеу түрiнде тапсырады.

Кешендi тестiлеу Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Мемлекеттiк бiлiм стандарттары мен тестiлеу ұлттық орталығы (бұдан әрi - МБСТҰО) әзiрлеген технология бойынша жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына орта кәсiптiк бiлiмi бар азаматтарды мемлекеттiк бiлiм тапсырысының қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға қабылдау кешенді тестiлеу негiзiнде мемлекеттiк сертификатты берумен қатар жүзеге асырылады.

Азаматтарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар агенттiгiне (1-қосымша) бағынысты жоғары оқу орындарына бекiтiлген жоспар бойынша қабылдау үш кезеңде өтедi:

бірінші кезеңде аталған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары құрылтайшылар белгiлеген және Бiлiм беру ұйымдарына қабылдау ережесiнде бекiтiлген тәртiпке сәйкес кадрлар даярлаудың аймақтық принципiн ескере отырып, медициналық, тәндік және психологиялық көрсеткiштері бойынша iрiктеу жүргiзу арқылы талапкерлер контингентiн қалыптастырады;

екiншi кезеңде МБСТҰО әзірлеген технологияға сәйкес жоғары оқу орындарында қабылдау емтихандарын кешендi тест түрiнде жүргізеді;

үшінші кезеңде аталған жоғары оқу орындарының мандаттық комиссиялары студент қатарына қабылдау жұмысын өткізеді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366; 22.02.03 ж. N 116-1 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 4-тармақ өзгертілді

4. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына орта кәсiптiк бiлiмi бар азаматтарды төлемақы негiзiнде қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға қабылдау жоғары оқу орындардың қабылдау комиссиялары жүргізеді.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына ақылы негiзде қысқартылған мерзiмде оқуға кәсiптiк жоғары бiлiмi бар азаматтарды қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

5. Екi немесе одан жоғары елдер арасында мемлекетаралық келiсiмдер бойынша құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде белгiленген квота бойынша шет ел азаматтарын қабылдауды жоғары оқу орындары дербес түрде шешедi.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366; 22.02.03 ж. N 116-1 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 6-тармақ өзгертілді

6. Жоғары кәсiби бiлiм берудiң мемлекеттiк құпиялармен 2-қосымшаға сәйкес жұмыс iстеудi талап ететiн жекелеген мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарды қабылдау мамандандырылған мемлекеттiк оқу орындарында және басқа да мемлекеттiк оқу орындарының факультеттерiнде (бөлiмдерiнде) мемлекеттiк бiлiм тапсырысы бойынша ғана жүзеге асырылады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366; 22.02.03 ж. N 116-1 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 7-тармақ өзгертілді

7. Кешендi тест талапкерлердiң тiлегi бойынша қазақ не орыс тiлiнде жалпы орта бiлiм беру бағдарламасы көлемiнде 4 пән бойынша жүргiзiледi. Емтихан қазақ тiлi не орыс тiлi, Қазақстан тарихы және математика пәндерiнен мiндеттi түрде, ал төртiншi және мамандыққа бейiмдейтiн пәндерден талапкердiң таңдаған мамандығы бойынша 3-қосымшаға сай жүргiзiледi.

021040 - Журналистика мамандығы, мәдениет, өнер және сәулет мамандықтары (060140-061442, 061640, 061840-062240), педагогикалық мамандықтары (031140, 031240, 031441, 031740, 031840) мамандықтары үшiн қазақ немесе орыс тiлi және Қазақстан тарихы пәндерi мiндеттi болып табылады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.02.03 ж. N 116-1 (бұр. ред. қара) бұйрығымен 8-тармақ толықтырылды

8. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 30. Әр тест тапсырмасының дұрыс жауабы бiр балл болып бағаланады. Студенттер қатарына қабылдау үшiн қажеттi ең төменгi баллдың саны кешендi тестiлеудiң нәтижесi бойынша 40 баллды құрайды.

9. Кешендi тест өткiзуге 3 астрономиялық сағат бөлiнедi. Кешендi тест сынағын қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.02.03 ж. N 116-1 (бұр. ред. қара) бұйрығымен 10-тармақ толықтырылды

10. Дұрыс жауаптар коды тест соңынан өткiзiлетiн жауап парақтарын сканерлеу бiткен бойда iлiнедi.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366; 22.02.03 ж. N 116-1 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 11-тармақ өзгертілді

11. Шығармашылық мамандыққа түсушi азаматтар арнайы (шығармашылық) емтиханды өздерi таңдаған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тест өткiзгенге дейiн тапсырады. Бiр шығармашылық емтиханның ең жоғары балл саны - 30. 021040 - Журналистика мамандығы, мәдениет, өнер және сәулет мамандықтары (060140-061442, 061640, 061840-062240), педагогикалық мамандықтары (031140, 031240, 031441, 031740, 031840) мамандықтары үшiн арнайы (шығармашылық) емтихандар саны - 2, басқа шығармашылық мамандықтар үшiн - 1. Арнайы (шығармашылық) емтихан бойынша 10 баллдан кем алған немесе оларға қатыспаған талапкерлер, осы мамандық бойынша түсу үшiн кешендi тестiлеуге жiберiлмейдi.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366; 17.05.02 ж. N 394; 22.02.03 ж. N 116-1 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 11-1-тармақ өзгертілді

11-1. өтiнiш қабылдау мерзiмi 20 маусымнан 15-шiлдеге дейiн, тест сынағын өткiзу мерзiмi 28-шiлдеден 2 тамызға дейiн.

021040 - Журналистика мамандығына, мәдениет, өнер және сәулет мамандықтарына (060140-061442, 061640, 061840-062240), педагогика мамандықтарына (031140, 031441, 031740, 031840) өтiнiш қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары 20 маусымнан 4 шiлдеге дейiн жүргiзедi, арнайы (шығармашылық) емтихандар шілденiң 5-нен 10-не дейiн өткiзiледi.

1-қосымша бойынша жоғары оқу орындарына өтiнiштер қабылдау мерзiмi мүдделi министрлiктермен және агенттiктермен анықталады.

5-қосымша бойынша жоғары оқу орындарына түсетiн талапкерлердi кешендi тестiлеу 13 шiлдеде жүргiзiледi.

Сырттай оқудың ақылы бөлiмiне өтiнiштер қабылдау 15 қыркүйекке дейiн, кешендi тестiлеуден өткiзу 20 қыркүйектен 25 қыркүйек аралықтарында жүргізіледі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.02.03 ж. N 116-1 (бұр. ред. қара) бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді

2. Мемлекеттiк сертификаттар алу үшін кешенді тест өткiзу

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығына сәйкес 12-тармақ жаңа редакцияда

12. Мемлекеттiк сертификат алу үшiн кешендi тест сынақтары Қазақстанның барлық аймақтарының облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Арқалық, Жезқазған, Жетiсай, Рудный, Семей, Темiртау, Түркiстан және Екiбастұз қалаларында өткiзiледi.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.02.03 ж. N 116-1 (бұр. ред. қара) бұйрығымен 13-тармақ өзгертілді

13. Жергілiктi жерде ұйымдастыру және ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына талапкерлердi тест сынағынан өткiзу мен оны ұйымдастыру жөнiндегi аймақтық комиссиялар құрылады (бұдан әрi - аймақтық комиссия). Аймақтық комиссиялардың қызметiн ұйымдастыру ережесiн Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) бекiтедi.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366; 22.02.03 ж. N 116-1 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 14-тармақ өзгертілді

14. Кешендi тест сынағына қатысу үшiн азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына арнайы бланкiде өтiнiш, аттестат немесе кәсiптiк бастауыш немесе орта кәсiптiк оқу орнын аяқтағаны туралы диплом (түпнұсқа), жеңiлдіктер алуға құқық беретiн құжат, тест сынағын өткiзуге қажеттi ақыны төлегенi туралы түбiртек (квитанция), 3х4 көлемiндегi екi фотосурет, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн суретiмен бiрге өткiзедi.

Шет ел тiлiнде ұсынылатын құжаттардың қазақ немесе орыс тiлдерiндегi нотариальдық расталған аудармасы болуы тиiс. Шетел азаматтары ұсынатын құжаттар белгiленген тәртiпте бекiтiлген болуға тиiстi.

Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек адамдар, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектер таңдап алған мамандықтары бойынша оқу үшiн қарсы дәлелдiң жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының (МӘСК) қорытындысын бередi.

Түсу емтиханын тапсырмай мемлекеттiк бiлiм грантын алуға құқығы бар адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына осы құқықты растайтын құжатты және осы типтiк ережелерде белгiленген мерзiмде олардың таңдаған мамандықтарына түсу туралы өтiнiш бередi.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.02.03 ж. N 116-1 бұйрығымен 14-1 тармақпен толықтырылды

14-1. Кешендi тестiлеуге келген талапкер куәлiгiн (төлқұжат) және емтиханға рұқсат қағазын көрсетуi тиiс.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 15-тармақ алып тасталды

15. алынып тасталды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 16-тармақ өзгертілді

16. Азамат мемлекеттiк білiм гранты немесе мемлекеттiк бiлiм несиесiн алу жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн өз өтiнiшiнде үш мамандықты көрсетуге құқы бар.

1-қосымша бойынша жоғары оқу орындарына түсетiн кезде бiрiншi осы оқу орнында даярланатын мамандықты, екiншi және үшiншi болып - 3-қосымша бойынша мамандықтарды көрсетедi.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығына сәйкес 17-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.02.03 ж. N 116-1 бұйрығымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

17. Кешендi тестiлеудi өткiзу орны бойынша тест нәтижелерiн өңдеу жұмыстарын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң МБСТҰО Технология бойынша өткiзедi.

18. Мемлекеттiк сертификаттарды алу үшiн өткiзiлген тест нәтижелерiн аймақтық комиссия тест сынағы өткiзiлген күнi жариялайды.

19. Тест нәтижесi бойынша әр қатысушыға белгiленген үлгідегі мемлекеттiк сертификат толтырылады, оны аймақтық комиссия тест сынағы өткеннен кейiнгi үш күн iшiнде бередi.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 20-тармақ өзгертілді

20. Шығармашылық мамандыққа, сондай-ақ 1-қосымшаға сәйкес жоғары оқу орындарына түсушiлерге кешендi тест ЖОО орналасқан қалада өтедi.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.02.03 ж. N 116-1 бұйрығымен 21-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

21. Тест сынағының нәтижесiмен келiспеген азаматтың шағым беруге құқы бар.

Апелляцияға өтiнiш аймақтық комиссияның төрағасы бекiтетiн, апелляциялық комиссияға Tecтiлеу нәтижелерi хабарланғаннан кейiн келесi күнгi сағат 13-кe дейiн берiледi және бiр тәулiктiң iшiнде апелляциялық комиссияда қаралады. Апелляциялық комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

3. Мемлекеттiк бiлiм гранты мен мемлекеттiк

бiлiм несиесiн беру тәртiбi

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.02.03 ж. N 116-1 бұйрығымен 22-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

22. Мемлекеттiк бiлiм грантын немесе мемлекеттiк бiлiм несиесiн алуға құқық берудi Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Республикалық конкурстық негiзде нақты мамандықтар және тiл бөлiмдерi бойынша бекiтiлген мемлекеттiк тапсырыс көлемiнде жүргiзедi. Тағайындауды Министрлiктiң конкурстық комиссиясы оның жұмыс Ережесiне сәйкес жүзеге асырады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.02.03 ж. N 116-1 бұйрығымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

23. "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған оқушылар мемлекеттiк бiлiм гранттарын алуға құқылы және жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын тапсырмай-ақ қабылданады.

Ағымдағы жылдың жалпы орта бiлiм беретiн пәндерi бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңiмпаздары болып табылатын жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерi (I, II, IIІ дәрежелi дипломдармен марапатталған), сондай-ақ соңғы үш жылдағы республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының жеңiмпаздары (I, II, ІII дәрежелi дипломдармен марапатталған) олар жеңiмпаз болып табылатын олимпиада мен ғылыми жарыстардың конкурстардың пәндерiне таңдап алған мамандықтары сәйкес келген жағдайда, мемлекеттiк бiлiм грантын алуға құқылы және жоғары оқу орнына түсу емтихандарын тапсырмай-ақ қабылданады. Республикалық және халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жарыстардың, республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының пәндерiне сәйкес келетiн мамандықтардың тiзбесiн Министрлiк бекiтедi.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 24-тармақ өзгертілді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.02.03 ж. N 116-1 бұйрығымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

24. 4-қосымшаға сәйкес ауылдық бiлiм беру ұйымын бiтiрген ауыл жастарының қатарынан шыққан азаматтар үшiн жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына оқуға түскен кезде ауылдың экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысынан 30 пайыз көлемiнде қабылдау квотасы көзделедi.

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкiлдерi үшiн, жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына оқуға түскен кезде мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысынан 2 пайыз көлемiнде қабылдау квотасы көзделедi. Бұл санаттағы азаматтарға мемлекеттiк бiлiм гранттарын тағайындау және мемлекеттiк бiлiм несиелерiн бepу мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысында бекiтiлген орындардың санына сәйкес мамандарды даярлаудың бағыттары бойынша мемлекеттiк сертификаттардағы баллдарға сәйкес конкурстық негiзде жүзеге асырылады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.02.03 ж. N 116-1 бұйрығымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

25. Мемлекеттiк бiлiм гранттарын тағайындау бiрiншi кезекте осы Типтiк ережелердiң 23-тармағына сәйкес жоғары оқу орындарына конкурстан тыс түсуге құқы бар азаматтарға жүзеге асырылады.

Бұдан әрi мемлекеттiк бiлiм гранттарын тағайындау және мемлекеттiк бiлiм несиелерiн беру белгiленген ауыл квотасын ескерiп, мамандықтар мен тiл бөлiмдерi бойынша мемлекеттiк сертификаттар баллына сәйкес конкурстық негiзде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк бiлiм грантын тағайындау мен мемлекеттiк бiлiм несиесiн беру бiрiншi кезекте өтiнiште бiрiншi көрсетiлген мамандықтар бойынша жүзеге асырылады (бiрiншi кезең). Мамандықтар iшiндегi конкурстық негiзде тағайындау үшiн тiлдiк бөлiмдерден бiр-бiрден бос орын берiледi.

Мемлекеттiк бiлiм гранттарын конкурстық тағайындау мен мемлекеттiк бiлiм несиелерiн берудiң бiрiншi кезеңiнен кейiн қалған бос орынға конкурстың екiншi кезеңi өткiзiледi, онда конкурстың бiрiншi кезеңінен өтпей қалған және екiншi мамандықты көрсеткен (екiншi мәлiмдеген мамандық бойынша конкурс) азаматтар қатысады. Мамандықтар iшiндегi конкурстық негiзде тағайындау үшiн тiлдiк бөлiмдерден бiр-бiрден бос орын берiледi.

Мемлекеттiк бiлiм гранттарын конкурстық тағайындау мен мемлекеттiк бiлiм несиесiн берудiң екiншi кезеңiнен кейiн қалған бос орынға конкурстың үшiншi кезеңi өткiзiледi, онда конкурстың алғашқы екi кезеңiнен өтпей қалған және үшiншi мамандықты көрсеткен (екiншi мәлiмдеген мамандық бойынша конкурс) азаматтар қатысады. Мамандықтар iшiндегi конкурстық негiзде тағайындау үшiн тiлдiк бөлiмдерден бiр-бiрден бос орын берiледi.

Мемлекеттiк бiлiм гранттарын конкурстық тағайындау мен мемлекеттiк бiлiм несиесiн берудiң үш кезеңiнен кейiн қалған бос орындар мәлiмделген оқыту нысанына және тiл бөлiмiне қарамастан, жоғары өту баллымен мамандықтарға дайындау бағыттарының iшiнде қайта бөлiнедi.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.02.03 ж. N 116-1 бұйрығымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

26. Мемлекеттiк сертификаттар баллдарының көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда мемлекеттiк бiлiм гранттарын тағайындау немесе мемлекеттiк бiлiм несиелерiн беру, сондай-ақ бюджеттiк қаржыландыру арқылы тегiн мемлекеттiк бiлiм алудың басым құқығы жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқуға тиым салынбаған жағдайда, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге, бала кезден мүгедектерге, үздiк аттестаттары не кәсiптiк бастауыш және орта бiлiмдi үздiк дипломдары бар, содан соң аттестаты не дипломының ең жоғарғы орта баллы бар, бұдан әрi 3-қосымшаға сәйкес бейiндiк пәндер бойынша ең жоғары баллы бар азаматтарға берiледi.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 27-тармақ өзгертілді

27. Мемлекеттiк бiлiм грантын немесе мемлекеттiк бiлiм несиесiн алған азаматтарға Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiленген үлгiдегi куәлiк бередi. Аталған куәлiк иелерiнiң тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2001.05.18. N 366; 22.02.03 ж. N 116-1 бұйрықтарымен 28-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

28. Аймақтық комиссия мемлекеттiк бiлiм гранттарын немесе несиелерiн иеленген азаматтарды тиiстi куәлiк алу керектiгi туралы хабардар етедi.

Мемлекеттiк бiлiм грантын алғаны немесе мемлекеттiк несие алу құқығына ие болғандығы туралы куәлiктi қабылдау комиссиясына тапсырылған құжаттарымен қоса азаматтарға 15-тамызға дейiн бередi.

4. Жоғары оқу орындарына қабылдау

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366; 17.05.02 ж. N 394; 22.02.03 ж. N 116-1 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 29-тармақ өзгертілді

29. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары студенттер қатарына үқабылдауды 10-27 тамыз аралығында өткiзедi.

Азаматтар жоғары оқу орындардың қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтiнiшпен бiрге жалпы орта кәсiптiк бастауыш, немесе орта кәсiптiк бiлiмi туралы құжат (түпнұсқа), мемлекеттiк сертификат, сондай-ақ, 3х4 көлемiндегi 6 фотосурет, 086 - У үлгiдегi медициналық анықтама, мемлекеттiк бiлiм гранты немесе мемлекеттiк бiлiм несиесiне ие болуға құқық алғандығы туралы куәлiгiн (мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде түсушiлер) өткiзедi.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.02.03 ж. N 116-1 бұйрығымен 30-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

30. Мемлекеттiк бiлiм грантына немесе мемлекеттiк бiлiм несиесiн алу құқығына ие болған азаматтар даярлаудың тиiстi бағытына немесе кәсiптiк жоғары бiлiм мамандығына, лицензиясы бар және мемлекеттiк аттестациядан өткен ЖОО-ға қабылдау туралы өтiнiш бере алады және студенттер қатарына қабылданады.

Шығармашылық мамандық бойынша мемлекеттiк бiлiм гранттарын тағайындау немесе мемлекеттiк бiлiм несиелерiн алуға құқық беру туралы куәлiгi барлар өздерi арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырған ЖОО-ға қабылданады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366; 17.05.02 ж. N 394 бұйрықтарымен 31-тармақ өзгертілді және толықтырылды

31. Ақылы бөлiмге студент қатарына қабылдауды жоғары оқу орындардың қабылдау комиссиясы өткiзген тест сынағында жинаған ұпайлардың сәйкес, мамандықтар және тiл бөлiмдерi бойынша өткiзiледi. Арнайы (шығармашылық) емтихандар бекiтiлген мамандықтарға қабылдау - осы емтихандардың ұпай көрсеткiштерiнiң нәтижесі бойынша жүргiзіледi.

1-қосымша бойынша жоғары оқу орындарына студент қатарына қабылдауды осы жоғары оқу орнының мандат комиссиясының, талапкерлердің медициналық, тәндік және психологиялық көрсеткiштерiн ескере отырып, мемлекеттiк сертификат ұпайлары негiзiндегi конкурс бойынша қабылдаған шешімімен жүргізіледі.

Сырттай оқытудың ақылы бөлiмдерiне студент қатарына қабылдау 30 қыркүйекке дейiн жүргiзiледi.

32. Меншiк нысандарына қарамастан, барлық ЖОО Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне белгiленген үлгi мен мерзiмге сәйкес статистикалық есеп, ал қабылдау бiткеннен кейiн 10 күннiң iшiнде қабылдауды ұйымдастыру мен өткiзу туралы жазбаша қорытынды есеп бередi.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 33-тармақ өзгертілді; ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.02.03 ж. N 116-1 бұйрығымен 33-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

33. Осы Типтiк ереженi және Кешендi тестiлеу технологиясын бұзған мемлекеттiк бiлiм гранттары мeн мемлекеттiк бiлiм несиелерi иегерлерiнiң куәлiктерi жоюға жатады.