Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру
ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
басқармасының 2001 ж. 3 наурыздағы N 54 қаулысы
(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.02 ж. N 525
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы ред. қара
"Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126-II Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы қаулы етеді:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г. Марченкоға жүктелсін.
Ұлттық Банк
| Төрағасы | Г.А. Марченко |
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі басқармасының
2001 жылғы 3 наурыздағы
N 54 қаулысымен
бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде