(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 20.06.01 Ж. № 486 БҰЙРЫҒЫ

"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі

істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі Нұсқаулықты бекіту

туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің

2001 ж. 20 маусымдағы N 486 бұйрығы

(ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.02 ж. N 777; 28.01.03 ж. N 43

бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)



Осы редакция ҚР Ішкі істер министрінің 2003 ж. 29 қыркүйектегі N 536 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес реттеу және ретке келтіру мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.

2. Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің төрағасы, Ішкіісминінің Департаменттері мен дербес басқармаларының, "Күзет" РМК, Астана қаласының ІІБ, Алматы қаласының ІІББ, облыстық және көліктегі ІІББ-ІІБ бастықтары осы Нұсқаулықты басшылыққа алсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының жеке құрамы осы бұйрықпен таныстырылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуы Қазақстан Республикасының ішкі істер Вице-министрі И.И. Оттоға жүктелсін.

5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

Ішкі әскерлер қолбасшысы

генерал-майор

Қазақстан Республикасы

Ішкіісминінің

2001 жылғы 20 маусымында

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.