Тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып
алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесiн бекiту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 31 қазандағы N 1158 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 19.08.03 ж. N 825; 29.01.04 ж. N 110; 27.03.04 ж. N 371 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 6 мамырдағы N 508 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесi бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының