Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн
бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргізу (мерзiмдiк және
жылдық) жөнiндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекiту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816; 15.03.04 ж. N 320;12.05.04 ж. N 522
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 27 қазандағы N 1101 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм), Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi және "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілік нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесi бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының