Шарттар жасасуды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы
бойынша шығыстар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің 2002 ж. 18 желтоқсандағы N 620 бұйрығы
(ҚР Қаржы министрінің 01.03.03 ж. N 86; 18.06.03 ж. N 236;
11.08.03 ж. N 306; 22.12.03 ж. N 433 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Қаржы министрінің 09.03.04 ж. N 104 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргізу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес шарттар жасасуды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2002 жылғы 18 желтоқсандағы
N 620 бұйрығына
қосымша
ҚР Қаржы министрінің 01.03.03 ж. N 86 (бұр. ред. қара); 18.06.03 ж. N 236; 11.08.03 ж. N 306 (бұр. ред. қара); 22.12.03 ж. N 433 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен тізбе өзгертілді
Шарттар жасауды талап ететін шығыстардың экономикалық
сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесі