"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы"
Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы N 2444
Заңы
(2004 ж. 7 шілдеге берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 13 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
I Бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң (1 - 59 баптар) негiздемесi мен шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 11 баптар) 2-тарау. Банкiлердi құру (12 - 29 баптар) 3-тарау. Банк қызметiн жүзеге асыру (30 - 40 баптар) 4-тарау. Банкiлердiң қызметiн реттеу және (41 - 52 баптар) депозиторлардың мүддесiн қорғау 5-тарау. Есеп және есеп беру (53 - 56 баптар) 6-тарау. Банктерге және олардың аффилиирлендірілген (57 - 59 баптар) тұлғаларына аудит II Бөлiм Банкiлердiң құқықтық мәртебесiн өзгерту (60 - 74-4 баптар) және қызметiн тоқтату ерекшелiктерiнiң шарттары 7-тарау. Банктердi ерiктi түрде қайта құру (60 - 61 баптар) 8-тарау. Банкiнi консервациялау (62 - 67 баптар) 9-тарау. Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру (68 - 74-4 баптар) III Бөлiм Қорытынды ережелер (74-5 - 78 баптар) 9-1-тарау. Банк қызметiне байланысты құқық бұзушылық (74-5 - 74-9 баптар) үшiн жауапкершiлiк 10-тарау. Қорытынды ережелер (75 - 78 баптар) ҚР 02.03.01 ж. N 162-II Заңымен тақырыбы өзгертілдi, кіріспе алып тасталды
I Бөлiм
Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң
негiздемесi мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертiлдi
1-бап. Банк, оның мәртебесi және тұрған жерi
1. Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi.