АНЫҚТАМА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ 17.02.04 Ж. № 160 БҰЙРЫҒЫ

Дәрілік затты қолдану жөніндегі мамандар мен тұтынушыларға арналған нұсқаулықтардың мәтіндерін әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты (аннотация қосымша бет) бекіту туралы және «Дәрілік затты қолдану жөнінде тұтынушыларға арналған тұтыну орамы мен нұсқаулықты (аннотация-қосымша) ресімдеу, таңбалау Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2000 жылғы 30 қарашадағы № 756 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 30 желтоқсандағы № 1346 мемлекеттік тіркелген) өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 ж. 17 ақпандағы № 160 бұйрығы

Жариялануы: «Ресми газет» 2004 жылғы 20 наурыз № 12 (168); «Фармация Казахстана», 2005 ж., № 3

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 ақпанда № 2722 тіркелді.

Енгізілген өзгерістер:

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007.26.11. № 697 Бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 634 бұйрығымен күші жойылды

 

Бұрынғы редакциялар:

 

2007 ж. 26 қарашаға дейін қолданылған редакция