2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын
бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
26 желтоқсандағы N 1327 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. N 197к қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 12 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 406, 407, 408, 409-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.
Қазақстан Peспубликасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1327 қаулысына
406-қосымша
619 - Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. N 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 6508290 мың теңге (алты миллиард бес жүз сегіз миллион екi жүз тоқсан мың теңге).