Введите номер документа
Прайс-лист

«Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктерді аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 27 июля 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 20 мая 2014

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 116 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 27 шілдедегі

№ 981 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктерді аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) және алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда, мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы және «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz  порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтің шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 14-1) тармақшасының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-2-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының және «Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1288 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) уәкілетті органның www.mts.gov.kz  интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;

2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) www.con.gov.kz  интернет-ресурсында;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами