Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1444 Қаулысы (2018.03.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 31 декабря 2014
Статус
Действующийвведен в действие с 31 декабря 2014
Дата последнего изменениясреда, 3 февраля 2016

Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1444 Қаулысы

(2018.03.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 Жарлығының 2-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

2. Іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:

1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі 20 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі 20 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2016.03.02. № 48 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.03.03. № 107 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) іс-шаралар жоспары өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1444 қаулысымен

бекітілген

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами