Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі, ислам банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 85 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне және 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі сақтауға міндетті пруденциалық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелері (бұдан әрі - Банктерге арналған нормативтер);
2) Ислам банкі сақтауға міндетті пруденциалық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелері бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.