Введите номер документа
Прайс-лист

«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 169 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 945 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 10 ноября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 10 ноября 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 10 ноября 2025

«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 169 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 945 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 169 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігінің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгi туралы ережеде:

«1. Жалпы ережелер» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:

«3-1. Комиссияның құрамы мен ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

3-2. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері ҰҚШҰ ӘЭЫМК отырыстарына қатысады.»;

«2. Комиссияның функциялары» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Комиссияның функциялары»;

«3. Комиссияның құрамы» деген тақырып алып тасталсын;

9 және 10-тармақтар алып тасталсын;

«4. Комиссия қызметін ұйымдастыру» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами