Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 195 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - өзгерістер) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін өзгерістердің 1-тармағының елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, алпысыншы, алпыс бірінші абзацтарын, 2-тармағының екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, сексен алтыншы, тоқсаныншы, тоқсан үшінші, тоқсан жетінші, жүзінші, жүз екінші, жүз төртінші абзацтарын, 3-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он екінші, он үшінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма сегізінші абзацтарын, 4-тармағының екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, отыз төртінші, отыз бесінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық алтыншы, қырық тоғызыншы, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші абзацтарын, 5-тармағының екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, алпыс алтыншы, жетпісінші, жетпіс үшінші, жетпіс алтыншы, жетпіс сегізінші абзацтарын, 6-тармағының екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.