«Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № 44 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және айналымы платформасы қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаның нысаны;»
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жекелеген қызмет түрлері - ойын бизнесін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген радиоәуесқойлық қызметке арналған радиоэлектрондық құралдарды пайдалануды бастауы немесе тоқтатуы туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.