Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер қабылдауға және банкаралық мобильді төлемдер жүйесін пайдалана отырып мобильді төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесін бекіту және «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» және «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1147 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 457 Қаулысы
(2026.19.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2026.13.05. № 388 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2026.13.05. № 388 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2026.13.05. № 388 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер қабылдауға және банкаралық мобильді төлемдер жүйесін пайдалана отырып мобильді төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесі бекітілсін.