Введите номер документа
Прайс-лист

«Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № ҚР ДСМ-51 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 17 июня 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 4 июля 2021
Дата последнего изменениячетверг, 17 июня 2021

«Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № ҚР ДСМ-51 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) ««Фтизиатрия» фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

2) «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

3) «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары» бекітілсін;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами