Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 52 бұйрығы
(2026.05.06. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нормашығармашылық және халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026.29.05. № 85 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)