Введите номер документа
Прайс-лист

2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысы (220-250 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 28.05.04 ж. № 197г; 23.06.04 ж. № 197к; 21.06.04 ж. № 684-1; 27.08.04 ж. № 197р; 16.11.04 ж. № 197ч; 01.12.04 ж. № 1247; 2004.24.12. № 197ау қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 26 декабря 2003
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 26 декабря 2003

2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327
қаулысы (220-250 қосымшалар)
(ҚР Үкіметінің 28.05.04 ж. № 197г; 23.06.04 ж. № 197к;
21.06.04 ж. № 684-1; 27.08.04 ж. № 197р; 16.11.04 ж. № 197ч;
01.12.04 ж. № 1247; 2004.24.12. № 197ау қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 cәуipдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. 220, 221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234, 235 247, 248, 249, 250-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.

2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына

220-қосымша

ҚР Үкіметінің 16.11.04 ж. № 197ч қаулысымен 220-қосымша өзгертілді

226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Денсаулық сақтау саласында уәкiлеттi органның

қызметiн қамтамасыз ету"

деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ


ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 677664 мың теңге (алты жүз жетпiс жетi миллион алты жүз алпыс төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңы; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 12-бабы; "Ecipткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 7-бабы; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппараттың жұмысын, бюрократизммен күрестi және құжат айналымын қысқартуды жақсарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтардың денсаулығын қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы" 2001 жылғы 17 қазандағы № 705 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Мемлекеттік қызметтi өткеру тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығы; "Мемлекеттік қызметкерлердi даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жетілдiру жөніндегi одан арғы шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 қыркүйектегi № 4075 Жарлығы; "2030 жылға дейiн Қазақстанның Даму стратегиясын іcкe асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкiмшiлiк мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялауды жүргізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "ҚР Президентінiң мемлекеттік қызмет мәселесі жөніндегі кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 1071 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiн Қазақстанның Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 736 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымдарын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" туралы 2001 жылғы 16 мамырдағы № 573 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 16 қарашадағы № 1465 қаулысы, "Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы; "2000-2009 жылдары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын одан әрi дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы № 790 қаулысы; "Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесiн жарияландыруды жетiлдiру тұжырымдасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 13 шiлдедегі № 773 қаулысы; "Қазақстан Республикасының дәрiлік саясатының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 мамырдағы № 584 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 cәуipдeгi № 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы; "Медициналық және дәрігерлік қызметтi лицензиялау ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2001 жылғы 7 маусымдағы № 767 қаулысы, "Дәрiлiк препараттарды дайындау мен сатуға байланысты қызметті лицензиялау ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қазандағы № 1624 қаулысы; "Қазақстан Республикасындағы есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң орталық аппараты мен оның аумақтық бөлімшелерiнiң iс-қызметiн қамтамасыз ету; ұсынылған біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiби білімдерi мен дағдыларын жаңарту және тереңдету; халыққа медициналық қызмет көрсетудi басқаруды жетiлдiру; көп деңгейлi денсаулық сақтау жүйесiн қалыптастыру, бәсекелес ортаны дамыту, мемлекеттік медицинаны монополиясыздандыру; жедел және стратегиялық шешiмдердi қабылдаудың сапасын жақсарту мақсатында ақпараттық шағын жүйелердiң функциясын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң материалдық-техникалық базасын нығайту.

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 5-тармақ өзгерді

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң орталық аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстау; мемлекеттік қызметкерлердiң біліктілігiн арттыру; денсаулық сақтау жүйесiнiң нормалары мен нормативтерiн әзiрлеу; медициналық, дәрiгерлiк, фармацевтикалық, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы қызметтердi, дезинфекция қызметiн, есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың айналымына байланысты қызметтердi лицензиялау; Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң ақпараттық жүйесiн сүйемелдеу; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесiнiң есептеу техникаларын, локальды есептеуiш желiлерiн жүйелiк және техникалық қызметпен қамтамасыз ету, Дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау ұйымы жүйесiнiң (бұдан әpi - ДДҰ) Еуропалық өңiрлiк бюросымен және басқа да халықаралық ұйымдармен ақпараттық байланысты және ақпарат алмасуды қолдау; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң ғимаратының жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу және мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу және оған күрделi жөндеу жүргізу, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес iшкi байланысты жақсарту; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық органдарын есептеуiш техникамен қамтамасыз ету техникамен қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 16.11.04 ж. № 197ч қаулыларымен 6-тармақ өзгерді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.

    
Рет
са-
ны 
 N 
   
Бағ-
дар-
лама
коды
    
Кiшi 
бағ- 
дар- 
лама 
коды 
   Кіші    
бағдарлама-
  лардың   
  атауы    
           
   Бағдарламаны   
    іске асыру    
    жөніндегі     
    іс-шаралар    
                  
 Іске  
 асыру 
мерзімі
       
       
   Жауапты     
 орындаушылар  
               
               
               
 1 
  2 
  3  
     4     
         5        
   6   
      7        
1   001       Денсаулық                                              
              сақтау                                                 
              саласында                                              
              уәкiлеттi                                              
              органның                                               
              қызметiн                                               
              қамтамасыз                                             
              ету                                                    
2        001  Орталық      Орталық аппаратты   Жыл    Қазақстан      
              органның     бірлiк көлемiнде    бойы   Республикасы-  
              аппараты     бекітілген штаттық         ның Денсаулық  
                           лимиттiң шегiнде           сақтау         
                           158 адам санымен           министрлігі    
                           ұстау.                                    
                           7 қызметтiк авто-                         
                           машинаны ұстау және                       
                           2 автомашинаны                            
                           жалға алу-                                
                           Мыналар бойынша                           
                           қызмет көрсетулерге                       
                           ақы төлеу:                                
                             денсаулық сақтау                        
                           ұйымдары желiсiнің,                       
                           Қазақстан Республи-                       
                           касының мемлекеттік                       
                           санитарлық-эпиде-                         
                           миологиялық қызметi-                      
                           нiң ұйымдары үшін                         
                           штаттық норматив-                         
                           терді, халықтың                           
                           санитарлық-эпиде-                         
                           миологиялық caлауат-                      
                           тылығын қамтамасыз                        
                           ету үшiн санитарлық-                      
                           эпидемиологиялық                          
                           талаптарды (50 сани-                      
                           тарлық ереже мен                          
                           норма) әзiрлеуге;                         
                             қосымша медицина-                       
                           лық және фармацевти-                      
                           калық білім стандарт-                     
                           тарын әзiрлеуге;                          
                             медициналық көмек                       
                           көрсету деңгейi                           
                           бойынша денсаулық                         
                           сақтау ұйымдарын                          
                           медициналық техника-                      
                           мен және жабдықтар-                       
                           мен табельдiк                             
                           жарақтандырудың ең                        
                           аз нормаларын                             
                           әзiрлеуге;                                
                             денсаулық сақтауды                      
                           жетiлдiру жөніндегі                       
                           нормативтiк-құқық-                        
                           тық кесiмдердi                            
                           әзiрлеуге;                                
                             денсаулық сақтау                        
                           ұйымдарында тамақ                         
                           өнiмдерiн қабылдау                        
                           нормаларын, жұмсау,                       
                           мүккәмалдарды пайда-                      
                           лану мерзiмiн қайта                       
                           қарау.                                    
                           Медициналық, фарма-                       
                           цевтикалық, сани-                         
                           тарлық-гигиеналық                         
                           қызметтермен айналы-                      
                           сатын (3000 лицен-                        
                           зияға дейiн) денсау-                      
                           лық сақтау объектi-                       
                           лерiне лицензиялау                        
                           жүргiзу-                                  
                           Қазақстан Республи-                       
                           касының өңiрлерiне                        
                           мамандарды тарта                          
                           отырып, 10 адамнан                        
                           тұратын бригаданың                        
                           шығуы арқылы лицен-                       
                           зиаттың қызметiне                         
                           лицензиядан кейiнгi                       
                           бақылау жүргiзу-                          
                           Қазақстан Республи-                       
                           касының өңiрлерiне                        
                           мемлекеттік лицен-                        
                           зияларды жiберу                           
                           (айына 4 рет)                             
                           арнайы байланыс                           
                           арқылы- Заңгерлер                         
                           шарттың негiзiнде                         
                           тартылады. Қызмет-                        
                           терге ақы төлеу                           
                           бланктiк өнiмдердi                        
                           дайындау бойынша;                         
                             "Медициналық                            
                           статистика" бағдар-                       
                           ламасының кешенi -                        
                           облыстардың бөлi-                         
                           гіндегі жиынтық                           
                           жылдық медициналық                        
                           статистикалық                             
                           есептердi қалыптас-                       
                           тыру;                                     
                             "Мединфо" бағдар-                       
                           ламасының кешенi -                        
                           "ҚР халқының ден-                         
                           саулығы және бір                          
                           жылғы медициналық                         
                           ұйымдардың қызметi"                       
                           атты кiтаптық және                        
                           компьютерлiк жыл                          
                           сайынғы "ҚР халқы-                        
                           ның денсаулығы және                       
                           медицина ұйымдары-                        
                           ның бір жылғы                             
                           қызметi" атты анық-                       
                           таманы бере отырып,                       
                           "Мединфо" жүйесi                          
                           бойынша халықтың                          
                           денсаулығының                             
                           жиынтық көрсеткiшiн                       
                           қалыптастыру;                             
                             "Халық денсаулығы-                      
                           ның көрсеткiшiн қа-                       
                           лыптастыру" бағдар-                       
                           ламасы - ДДҰ ЕӨБ                          
                           беру үшiн халық                           
                           денсаулығының көр-                        
                           сеткiшi бойынша                           
                           мәлiметтер базасын                        
                           тоқсан сайын қалып-                       
                           тастыру;                                  
                             "Ана мен бала"                          
                           бағдарламасының                           
                           кешенi - тууды,                           
                           аналардың, сәбилер                        
                           мен балалардың,                           
                           жаңа туған нәресте-                       
                           лердiң (оған күнiнен                      
                           бастап 27 күнге                           
                           дейiн) өлiм-жiтiмiн                       
                           жедел бақылау;                            
                             "Ауылдық денсаулық                      
                           сақтаудың техника-                        
                           лық-экономикалық                          
                           көрсеткiш" (бұдан                         
                           әрi - ТЭК) бағдарла-                      
                           масы - "Ауыл"                             
                           бағдарламасынa                            
                           сәйкес ауылдық ден-                       
                           саулық сақтаудың                          
                           медицина ұйымдары-                        
                           ның ТЭК бойынша                           
                           мәлiметтер базасын                        
                           қолдау және тоқсан                        
                           сайын жаңарту;                            
                             "Денсаулық сақтау                       
                           кадрлары" шағын                           
                           жүйесi бойынша:                           
                           практикалық денсау-                       
                           лық сақтаудың дәрi-                       
                           гер кадрлары;                             
                           ғылыми бейiн дәрiгер                      
                           кадрлары бойынша;                         
                           орта медицина қыз-                        
                           метшiлерi бойынша                         
                           мәлiметтер базасын                        
                           қалыптастыру және                         
                           жүргiзу;                                  
                           Бағдарламалар                             
                           кешенi:                                   
                             "Республикалық ме-                      
                           кемелердi қаржыланды-                     
                           ру" - республикалық                       
                           мекемелер бойынша                         
                           сметаларды қалыптас-                      
                           тыру, варранттар,                         
                           cубварранттар енгі-                       
                           зу, өтiнiмдер,                            
                           төлемге есептер беру;                     
                             "Бухгалтериялық                         
                           есеп" - республика-                       
                           лық мекемелер бөлi-                       
                           гіндегі бухгалтерия-                      
                           лық есеп бойынша                          
                           жиынтықтарды                              
                           қалыптастыру;                             
                             "Жалақы" бағдар-                        
                           ламасының кешенi -                        
                           жалақының автомат-                        
                           тандырылған есептеу                       
                           бағдарламасын                             
                           жүргiзу;                                  
                             "Медицина ұйымда-                       
                           рын лицензиялау" -                        
                           облыстық денсаулық                        
                           сақтау бөлiмдерiмен                       
                           ақпарат алмасуды                          
                           қарастыратын меди-                        
                           цина ұйымдарын                            
                           лицензиялау жөнiн-                        
                           дегi мәлiметтер                           
                           базасын қалыптасты-                       
                           ру және жүргiзу;                          
                             "Қант диабеті"                          
                           Ұлттық тiркелiмi                          
                           бойынша мәлiметтер                        
                           базасын қалыптас-                         
                           тыру және жүргiзу                         
                           бойынша;                                  
                             Хаттар мен бақылау                      
                           құжаттарын орындау-                       
                           ды талдау" - кiрiс                        
                           және шығыс ақпарат-                       
                           тары бойынша мәлi-                        
                           меттер базасын                            
                           күнде-күнде қалып-                        
                           тастыру;                                  
                             "Мемлекеттік                            
                           сатып алу бойынша                         
                           мәлiметтер базасын                        
                           қалыптастыру және                         
                           жүргiзу";                                 
                             "Есiрткi дәрiлiк                        
                           заттарын есепке алу"                      
                           - медицина ұйымда-                        
                           рында есiрткi дәрі-                       
                           лiк заттары бойынша                       
                           қозғалыстың мәлiмет-                      
                           тер базасын қалып-                        
                           тастыру және жүргiзу;                     
                             "Медицина ұйымда-                       
                           рында онкологиялық                        
                           науқастардың тiрке-                       
                           лiмiн жүргiзу";                           
                             "Мектеп оқушыла-                        
                           рын медициналық                           
                           тексеру";                                 
                           "Ауыл тұрғындарын                         
                           медициналық тексеру";                     
                           "Медициналық жоғары                       
                           оқу орындары мен                          
                           медицина факультет-                       
                           терi бойынша                              
                           студенттердiң тiрке-                      
                           лiмiн қалыптастыру                        
                           және жүргiзу"-                            
                           Дербес 158 компью-                        
                           терге, 109 принтерге,                     
                           13 ксерокске,                             
                           локалды есептеуiш                         
                           жүйелерiне, 2                             
                           сервер; модемдік                          
                           спутниктiк байланыс                       
                           бойынша жедел мәлi-                       
                           меттердi қабылдау-                        
                           беру, ДДҰ ЕӨБ мәлі-                       
                           меттер базасын                            
                           алмасу үшін INТЕRNЕТ                      
                           -гi ІР-адрестi                            
                           қолдау жер серiгi                         
                           арнасын жалдау-                           
3        002  Аумақтық     Аумақтық органдарды жыл    Қазақстан      
              органдар-    513 бірлік көлемiн- бойы   Республикасы-  
              дың аппарат- де бекітілген штат-        ның Денсаулық  
              тары         тық құрам шегiнде          сақтау         
                           ұстау, 21 қызметтiк        министрлігі    
                           автомашинаны ұстау                        
                           және жалдау, 225 дербес                   
                           компьютерге,                              
                           157 принтерге, 27                         
                           ксерокске техникалық                      
                           қызмет көрсету;                           
4        007  Мемлекеттік  Бекітiлген білікті- жыл    Қазақстан      
              қызметшілер- лiктi арттыру жос-  бойы   Республикасы-  
              дiң білік-   парына сәйкес жылы-        ның Денсаулық  
              тілiгiн      на орта есеппен            сақтау         
              арттыру      Қазақстан Pecпубли-        министрлігі    
                           касы Денсаулық                            
                           сақтау министрлігі-                       
                           нiң, Мемлекеттік                          
                           санитарлық-эпидемио-                      
                           логиялық қадағалау                        
                           және Фармация,                            
                           фармацевтика және                         
                           медицина өнеркәсiбi                       
                           комитеттерiнiң,                           
                           оның аумақтық                             
                           басқармаларының                           
                           200 қызметкерiнiң                         
                           біліктілігiн арт-                         
                           тыру.                                     
5        008  Мемлекеттік  Бекiтiлген жобалық- жыл    Қазақстан      
              органдардың  сметалық құжаттама- бойы   Республикасы-  
              ғимараттары  ғa сәйкес Қазақстан        ның Денсаулық  
              мен үй-жай-  Республикасы Ден-          сақтау         
              ларын        саулық сақтау              министрлігі    
              күрделi      министрлігінiң әкiм-                      
              жөндеу       шiлiк ғимаратының                         
                           жобалау-сметалық                          
                           құжаттамасын әзірлеу                      
                           және мемлекеттік                          
                           ведомстводан тыс                          
                           сараптама  жүргiзу                        
                           және  оған күрделi                        
                           жөндеу жүргiзу,                           
                           сондай-ақ iшкi                            
                           байланыс жүйелерiн                        
                           жақсарту                                  
                           жөніндегі қызметiне                       
                           ақы төлеу.                                
6        009  Мемлекеттік  Қазақстан Республи- жыл    Қазақстан      
              органдарды   касының Денсаулық   бойы   Республикасы-  
              материал-    сақтау министрлігі         ның Денсаулық  
              дық-техни-   мен 21 аумақтық            сақтау         
              калық жарақ- органдар үшiн есеп-        министрлігі    
              тандыру      теу техникасын                            
                           және  жиһаздар                            
                           сатып алу: сервер -                       
                           2, жұмыс станция-                         
                           лары - 159, принтер-                      
                           лер - 74, сканерлер                       
                           - 9, телекоммуника-                       
                           циялық жабдықтар -                        
                           35 электр жабдықта-                       
                           ры - 66, жиһаз - 1 жинақ                  

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 7-тармақ өзгерді

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами