Все сервисы
Anyqtama
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанынан Мемлекеттік корпоративтік басқару
мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 21 наурыздағы № 194 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 15 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңестің құрамы;
2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 21 наурыздағы
№ 194 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы
мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегi
мамандандырылған кеңестің құрамы
| Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары, төраға
|
| Келімбетов Қайрат Нематұлы | Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның Орынбасары
|
| Алпамысов Абай Әбдісәметұлы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры, хатшы
|
| Коржова Наталья Артемовна
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
|
| Iзмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы | Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi
|
| Мамин Асқар Ұзақбайұлы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрi
|
| Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы
|
| Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы атқарушы директорының міндетін атқарушы (келісім бойынша)
|
Үкіметінің
2006 жылғы 21 наурыздағы
Редакция документа
Демо – версия документа