Все сервисы
Anyqtama
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 1157 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) инвестициялардың ең жоғарғы көлемдері;»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдік келісім-шартта:
2-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
3-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
12-тармақтағы «және осы Келісім-шартқа» деген сөздер алынып тасталсын;
33-тармақтың екінші абзацы мен 34 және 35-тармақтардағы «салықтар мен» деген сөздер алынып тасталсын;
кестедегі «Тіркелген активтердің құнын жылдық жиынтық кірістен шегерімге жатқызу жылы*» деген баған және ескерту* алынып тасталсын;
кестедегі «СЭҚ ТН коды» деген баған «СЭҚ» деген аббревиатураның алдынан «ҚР» деген аббревиатурамен толықтырылсын;
кестедегі «СЭҚ ТН коды» деген бағаннан кейін «Өлшем бірлігі» деген бағанмен толықтырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференциялар берілетін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жазылсын.
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференцияларды уәкілетті орган беретін инвестициялардың ең жоғары көлемі және инвестициялық салық преференцияларының қолданылу мерзімдері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 30 шілдедегі
№ 1157 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 8 мамырдағы
№ 436 қаулысымен
бекітілген
Инвестициялық преференциялар берілетін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесі
| Бөлім | Бөлімнің атауы | Коды | Қызмет түрінің және кіші түрінің атауы |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 01 | Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету | 01.1 | Маусымдық дақылдарды өсіру |
| 01.11 | Дәнді дақылдарды (күрішті қоспағанда), бұршақ дақылдарын және майлы тұқымдарды өсіру | ||
| 01.12 | Күріш өсіру | ||
| 01.13 | Көкөністерді және бақша дақылдарын, тамыржемістілер мен түйнекжемістілерді өсіру | ||
| 01.14 | Қант қамысын өсіру | ||
| 01.15 | Темекі өсіру | ||
| 01.16 | Талшықты иіру дақылдарын өсіру | ||
| 01.19 | Өзге де маусымдық дақылдарды өсіру | ||
| 01.2 | Көп жылдық дақылдарды өсіру | ||
| 01.26 | Майлы жемістерді өсіру | ||
| 01.28 | Дәмдеуіштерді, хош иісті, күшті әсер ететін есірткі және фармацевтикалық дақылдарды өсіру | ||
| 01.29 | Өзге де көпжылдық дақылдарды өсіру | ||
| 01.4 | Мал шаруашылығы | ||
| 01.41 | Сүтті мал тұқымдарын өсіру | ||
| 01.42 | Малдың өзге де тұқымдары мен буйволдарды өсіру | ||
| 01.43 | Жылқы мен өзге де тұяқты тұқымдарды өсіру | ||
| 01.44 | Түйе мен түйетектестерді өсіру | ||
| 01.45 | Қой мен ешкі өсіру | ||
| 01.46 | Шошқа мен торай өсіру | ||
| 01.47 | Құс шаруашылығы | ||
| 01.49 | Жануарлардың өзге түрлерін өсіру | ||
| 02 | Орман шаруашылығы және ағаш дайындау | 02.1 | Орман шаруашылығы және ағаш дайындау |
| 02.10 | Орман шаруашылығы және өзге де орман шаруашылығы қызметі | ||
| 02.2 | Ағаш дайындау | ||
| 02.20 | Ағаш дайындау | ||
| 02.3 | Орман шаруашылығының сүрек емес өнімін жинау | ||
| 02.30 | Орман шаруашылығының сүрек емес өнімін жинау | ||
| 03 | Балық аулау және аквамәдениеті | 03.1 | Балық аулау |
| 03.11 | Теңізде балық аулау | ||
| 03.12 | Тұщы суда балық аулау | ||
| 10 | Тамақ өнімдерін өндіру | 10.1 | Етті өңдеу мен консервілеу және ет өнімдерін өндіру |
| 10.11 | Етті қайта өңдеу және консервілеу | ||
| 10.12 | Үй құсының етін өңдеу және консервілеу | ||
| 10.2 | Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу | ||
| 10.20 | Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу | ||
| 10.3 | Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу | ||
| 10.31 | Картопты өңдеу және консервілеу | ||
| 10.32 | Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру | ||
| 10.39 | Жемістер мен көкөністерді өңдеудің және сақтаудың өзге де түрлері | ||
| 10.4 | Өсімдік және мал майы мен тоң май өндіру | ||
| 10.41 | Май және тоң май өндіру | ||
| 10.42 | Маргарин және соған ұқсас мал тоң майын өндіру | ||
| 10.5 | Сүт өнімдерін өндіру | ||
| 10.51 | Сүт өңдеу және ірімшік өндіру | ||
| 10.52 | Балмұздақ өндіру | ||
| 10.6 | Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар мен крахмал өнімдерін өндіру | ||
| 10.61 | Ұн-жарма өнеркәсібінің өнімдерін өндіру | ||
| 10.62 | Крахмал және крахмалдан жасалған өнімдерді өндіру | ||
| 10.7 | Нан және ұн өнімдерін өндіру | ||
| 10.71 | Нан өндіру; ұннан жасалған жаңа пісірілген кондитерлік өнімдерді, торттарды және тәтті тоқаштарды өндіру | ||
| 10.72 | Кептірілген нан және печенье өндіру; ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді, торттарды, тәтті тоқаштарды, бәліштерді және бисквиттерді өндіру | ||
| 10.73 | Макарон өнімдерін өндіру | ||
| 10.8 | Өзге де тамақ өнімдерін өндіру | ||
| 10.81 | Қант өндіру | ||
| 10.83 | Шай және кофе өндіру | ||
| 10.84 | Татымды заттар мен тұздықтар өндіру | ||
| 10.85 | Дайындалған тағам өнімдерін және жартылай фабрикаттарды өндіру | ||
| 10.86 | Балалар тағамын және диеталық тамақ өнімдерін өндіру | ||
| 10.89 | Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерін өндіру | ||
| 10.9 | Жануарларға арналған дайын жем-шөп өндіру | ||
| 10.91 | Фермаларда ұсталатын жануарлар үшін дайын жем-шөп өндіру | ||
| 10.92 | Үй жануарлары үшін дайын жем-шөп өндіру | ||
| 11 | Сусындар өндіру | 11.1 | Сусындар өндіру |
| 11.06 | Уыт өндіру | ||
| 11.07 | Минералды суларды және басқа да алкогольсіз сусындар өндіру | ||
| 13 | Тоқыма бұйымдарын өндіру | 13.1 | Иіру, тоқу және әрлеу өндірісі |
| 13.10 | Иіру, тоқу және әрлеу өндірісі | ||
| 13.2 | Тоқыма бұйымдарын өндіру | ||
| 13.20 | Тоқыма бұйымдарын өндіру | ||
| 13.3 | Дайын тоқыма бұйымдарын өндіру | ||
| 13.30 | Дайын тоқыма бұйымдарын өндіру | ||
| 13.9 | Өзге де тоқыма бұйымдарын өндіру | ||
| 13.91 | Тоқыма жаймасын өндіру | ||
| 13.92 | Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру | ||
| 13.93 | Кілем және кілем бұйымдарын өндіру | ||
| 13.94 | Жіп, арқан, жіңішке арқан, жіңішке бауларды, бауларды өндіру және тор тоқу | ||
| 13.95 | Киімді қоспағанда, тоқылмаған бұйымдарды өндіру | ||
| 13.96 | Өзге де техникалық және өнеркәсіптік тоқыма бұйымдарын өндіру | ||
| 13.99 | Басқа санаттарға енгізілмеген, өзге де тоқыма бұйымдарын өндіру | ||
| 14 | Киім өндіру | 14.1 | Үлбірден тігілген киімнен басқа, киім өндіру |
| 14.11 | Теріден тігілген киімді өндіру | ||
| 14.13 | Сырт киімді өндіру | ||
| 14.14 | Іш киімді өндіру | ||
| 14.19 | Киімдер мен аксессуарлардың басқа да түрлерін өндіру | ||
| 14.2 | Үлбірден жасалған бұйымдарды өндіру | ||
| 14.20 | Үлбірден жасалған бұйымдарды өндіру | ||
| 14.3 | Тоқылған және тоқыма бұйымдар мен киімдер өндіру | ||
| 14.39 | Өзге де тоқылған және тоқыма бұйымдарын өндіру | ||
| 15 | Былғары және оған жататын өнім өндіру | 15.1 | Теріні илеу және өңдеу; чемодандар, сөмкелер, қайыс және ер-тоқым бұйымдарын өндіру; үлбірді илеу және бояу |
| 15.11 | Теріні илеу және өңдеу; үлбірді илеу және бояу | ||
| 15.12 | Жүк сөмкелерін, әйелдер сөмкелерін және т.с.с, ер-тұрман бұйымдарын және әбзелдерді өндіру | ||
| 15.2 | Аяқ киім өндіру | ||
| 15.20 | Аяқ киім өндіру | ||
| 16 | Жиһаздардан басқа, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру | 16.1 | Ағаш кесу және сүргілеу өндірісі |
| 16.10 | Ағаш кесу және сүргілеу өндірісі | ||
| 16.2 | Сүректен, тоздан, сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған өнімдерді өндіру | ||
| 16.21 | Шпон, фанера, жұқа тақтайлар мен панельдер өндіру | ||
| 16.29 | Өзге де ағаш бұйымдарын өндіру; тоздан, сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру | ||
| 17 | Қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру | 17.1 | Сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз және картон өндіру |
| 17.11 | Сүрек массасы мен целлюлоза өндіру | ||
| 17.12 | Қағаз және картон өндіру | ||
| 17.2 | Қағаз бен картоннан жасалған бұйымдарды өндіру | ||
| 17.21 | Қатпарлы картонды, қағаздан және картоннан жасалған ыдыс өндіру | ||
| 17.22 | Шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру | ||
| 17.23 | Жазу-қағаз бұйымдарын өндіру | ||
| 17.24 | Түсқағаздар өндіру | ||
| 17.29 | Қағаз бен картоннан жасалған өзге де бұйымдарды өндіру | ||
| 18 | Жазылған материалдарды басып шығару және шығару | 18.1 | Баспа ісі және баспа ісіне байланысты қызметтер |
| 18.12 | Баспа қызметінің өзге де түрлері | ||
| 18.13 | Баспа қалыптарын дайындау және ақпараттық қызмет | ||
| 19 | Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру | 19.1 | Кокс пештері өнімдерін өндіру |
| 19.10 | Кокс пештері өнімдерін өндіру | ||
| 19.2 | Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру | ||
| 19.20 | Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру | ||
| 20 | Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру | 20.1 | Негізгі химикаттарды, тыңайтқыштарды және азот қоспаларын, алғашқы нысандардағы пластмассалар мен синтетикалық каучукты өндіру |
| 20.11 | Өнеркәсіптік газдарды өндіру | ||
| 20.12 | Бояғыш заттар мен пигменттерді өндіру | ||
| 20.13 | Өзге де негізгі органикалық емес химиялық заттарды өндіру | ||
| 20.14 | Өзге де негізгі органикалық химиялық заттарды өндіру | ||
| 20.15 | Тыңайтқыштар және құрамында азоты бар қоспалар өндіру | ||
| 20.16 | Бастапқы қалыпта пластмассалар өндіру | ||
| 20.17 | Бастапқы қалыпта синтетикалық каучук өндіру | ||
| 20.2 | Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдерді өндіру | ||
| 20.20 | Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдерді өндіру | ||
| 20.3 | Бояулар, лактар және соларға ұқсас бояғыш заттар, типографиялық бояулар мен мастика өндіру | ||
| 20.30 | Бояулар, лактар және соларға ұқсас бояғыш заттар, типографиялық бояулар мен мастика өндіру | ||
| 20.4 | Сабын және жуу құралдарын, тазалайтын және жылтырататын препараттар, парфюмерлік өнімдер мен косметикалық заттар өндіру | ||
| 20.41 | Сабын және жуу, тазалағыш және жылтыратқыш құралдарды өндіру | ||
| 20.42 | Парфюмерлік және косметикалық заттар өндіру | ||
| 20.5 | Өзге де химиялық өнімдер өндіру | ||
| 20.51 | Жарылғыш заттар өндіру | ||
| 20.52 | Желім өндіру | ||
| 20.53 | Эфир майларын өндіру | ||
| 20.59 | Басқа санаттарға енгізілмеген, өзге де химиялық өнімдер өндіру | ||
| 20.6 | Жасанды талшықтар өндіру | ||
| 20.60 | Жасанды талшықтар өндіру | ||
| 21 | Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндіру | 21.1 | Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндіру |
| 21.10 | Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндіру | ||
| 22
| Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру | 22.1 | Резеңке бұйымдарын өндіру |
| 22.19 | Өзге де резеңке өнімдерін өндіру | ||
| 22.2 | Пластмасса бұйымдарын өндіру | ||
| 22.22 | Тауарларға арналған пластикалық орамдар өндіру | ||
| 22.23 | Пластикалық құрылыс бұйымдарын өндіру | ||
| 22.29 | Өзге де пластмасса бұйымдарын өндіру | ||
| 23 | Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру | 23.1 | Шыны және шыныдан жасалған бұйымдар өндіру |
| 23.13 | Шұңғыл шыны бұйымдарын өндіру | ||
| 23.14 | Шыны талшығын өндіру | ||
| 23.19 | Өзге де шыны бұйымдарын өндіру және өңдеу | ||
| 23.2 | Отқа төзімді бұйымдар өндіру | ||
| 23.20 | Отқа төзімді бұйымдар өндіру | ||
| 23.3 | Балшықтан жасалған құрылыс материалдарын өндіру | ||
| 23.31 | Қыш төсемдер мен плиталар өндіру | ||
| 23.32 | Кірпіш, черепица және күйдірілген саздан өзге де күйдірілген балшықтан жасалған құрылыс бұйымдарын өндіру | ||
| 23.4 | Өзге де фарфор және қыш бұйымдарын өндіру | ||
| 23.41 | Қыштан жасалған тұрмыстық және сәндік бұйымдар өндіру | ||
| 23.42 | Қыш гигиеналық сантехникалық жабдық өндіру | ||
| 23.43 | Қыш электр оқшаулағыштар мен оқшаулау арматурасын өндіру | ||
| 23.44 | Өзге де техникалық қыш бұйымдарды өндіру | ||
| 23.5 | Цемент, әк және сылақ өндіру | ||
| 23.52 | Әк және құрылыс гипсін өндіру | ||
| 23.6 | Бетоннан, цементтен және гипстен жасалған құрылыс мақсатына арналған бұйымдар өндіру | ||
| 23.61 | Бетоннан жасалған құрылыс бұйымдарын өндіру | ||
| 23.62 | Құрылыс мақсаттары үшін гипстен жасалған бұйымдар өндіру | ||
| 23.63 | Пайдалану үшін дайын бетон өндіру | ||
| 23.64 | Құрғақ бетон қоспаларын өндіру | ||
| 23.65 | Асбест-цементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндіру | ||
| 23.69 | Бетоннан, құрылыс гипсі мен цементтен жасалған өзге де бұйымдарды өндіру | ||
| 23.7 | Тасты кесу, өңдеу және әрлеу | ||
| 23.70 | Тасты кесу, өңдеу және әрлеу | ||
| 23.9 | Абразивті бұйымдар мен өзге де металл емес минералды өнім өндіру | ||
| 23.99 | Басқа топтамаларға енгізілмеген, өзге де металл емес минералды өнім өндіру | ||
| 24 | Металлургия өнеркәсібі | 24.1 | Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру |
| 24.10 | Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру | ||
| 24.2 | Болаттан жасалған құбырлар, құбыржолдар, пішіндер, фитингілер өндіру | ||
| 24.20 | Болаттан жасалған құбырлар, құбыржолдар, пішіндер, фитингілер өндіру | ||
| 24.3 | Бастапқы өңдеу жолымен өзге де болат бұйымдарын өндіру | ||
| 24.33 | Салқындатып қалыптау немесе бүктеу | ||
| 24.34 | Сымдарды салқындатып созу жолымен өндіру | ||
| 24.4 | Негізгі бағаны және түсті металдарды өндіру | ||
| 24.41 | Бағалы (асыл) металдар өндіру | ||
| 24.42 | Алюминий өндіру | ||
| 24.43 | Қорғасын, мырыш және қалайы өндіру | ||
| 24.44 | Мыс өндіру | ||
| 24.45 | Өзге де түсті металдар өндіру | ||
| 24.5 | Металдарды құю | ||
| 24.51 | Шойын құю | ||
| 24.53 | Жеңіл металдарды құю | ||
| 24.54 | Өзге де түсті металдарды құю | ||
| 25 | Машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру | 25.1 | Құрылыстық металл құрастырмалары мен бұйымдар өндіру |
| 25.11 | Құрылыстық металл құрастырмалары мен бұйымдар өндіру | ||
| 25.12 | Металл есіктер мен терезелер өндіру | ||
| 25.2 | Металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер өндіру | ||
| 25.21 | Орталықтан жылыту радиаторлары мен қазандықтар өндіру | ||
| 25.29 | Металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер өндіру | ||
| 25.4 | Қару-жарақ және оқ-дәрі өндіру | ||
| 25.40 | Қару-жарақ және оқ-дәрі өндіру | ||
| 25.6 | Металдарды өңдеу және металдарды бояу; машина жасаудың негізгі технологиялық үдерістері | ||
| 25.61 | Металдарды өңдеу және металдарды бояу | ||
| 25.7 | Асхана құралдарын, металдан жасалған қол аспаптарын және жалпы мақсаттағы металл бұйымдарды өндіру | ||
| 25.71 | Өзге де металл бұйымдарды өндіру | ||
| 25.73 | Құралдар өндіру | ||
| 25.9 | Өзге де дайын металл бұйымдарын өндіру | ||
| 25.91 | Металл бөшкелер мен осыған ұқсас сыйымдылықтар өндіру | ||
| 25.92 | Жеңіл металдардан жасалған буып-түю материалдарын өндіру | ||
| 25.93 | Сымнан, шынжырдан және серіппелерден жасалған бұйымдар өндіру | ||
| 25.94 | Бекіту бұйымдарын өндіру | ||
| 25.99 | Басқа санаттарға енгізілмеген, өзге де дайын металл бұйымдарды өндіру | ||
| 26 | Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндіру | 26.1 | Электрондық бөлшектер өндіру |
| 26.11 | Электрондық бөлшектер өндіру | ||
| 26.12 | Электрондық жүктеу панельдерін өндіру | ||
| 26.2 | Компьютерлер мен перифериялық жабдық өндіру | ||
| 26.20 | Компьютерлер мен перифериялық жабдық өндіру | ||
| 26.3 | Байланыс жабдығын өндіру | ||
| 26.30 | Коммуникациялық жабдық өндіру | ||
| 26.4 | Тұрмыстық электроника аспаптарын өндіру | ||
| 26.40 | Пайдаланушыларға арналған электронды аспаптар өндіру | ||
| 26.5 | Өлшеуге, тестілеуге және навигацияға арналған құралдар мен аспаптарды; қол сағаттары мен өзге де сағат түрлерін өндіру | ||
| 26.51 | Өлшеуге, тестілеуге және навигацияға арналған құралдар мен аспаптар өндіру | ||
| 26.52 | Сағат өндіру | ||
| 26.6 | Сәулелендіруші, электромедициналық және электротерапевтік жабдық өндіру | ||
| 26.60 | Сәулелендіруші, электромедициналық және электротерапевтік жабдық өндіру | ||
| 26.7 | Оптикалық аспаптар мен фотографиялық жабдық өндіру | ||
| 26.70 | Оптикалық аспаптар мен фотографиялық жабдық өндіру | ||
| 26.8 | Ақпарат берудің магнитті және оптикалық құралдарын өндіру | ||
| 26.80 | Ақпарат берудің магнитті және оптикалық құралдарын өндіру | ||
| 27 | Электр жабдығын өндіру
| 27.1 | Электр моторларын, генераторлар, трансформаторлар және электр тарату және бақылау аппаратурасын өндіру |
| 27.11 | Электр моторларын, генераторлар, трансформаторлар өндіру | ||
| 27.12 | Электр тарату және реттеу аппаратурасын өндіру | ||
| 27.2 | Батареялар мен аккумуляторлар өндіру | ||
| 27.20 | Батареялар мен аккумуляторлар өндіру | ||
| 27.3 | Электр өткізгіштер мен электр өткізгіш аспаптар өндіру | ||
| 27.31 | Талшықты-оптикалық кәбіл өндіру | ||
| 27.32 | Электр сымы мен кәбілдің өзге де түрлерін өндіру | ||
| 27.33 | Электр аспаптарын өндіру | ||
| 27.4 | Электрмен жарықтандыру жабдығын өндіру | ||
| 27.40 | Электрмен жарықтандыру жабдығын өндіру | ||
| 27.5 | Тұрмыстық аспаптарды өндіру | ||
| 27.51 | Тұрмыстық электр аспаптарын өндіру | ||
| 27.52 | Электрлік емес тұрмыстық аспаптар өндіру | ||
| 27.9 | Өзге де электр жабдығын өндіру | ||
| 27.90 | Өзге де электр жабдығын өндіру | ||
| 28 | Басқа санаттарға енгізілмеген, машиналар мен жабдық өндіру | 28.1 | Жалпы мақсаттағы машиналарды өндіру |
| 28.11 | Авиация, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналар өндіру | ||
| 28.12 | Гидравликалық жабдықты өндіру | ||
| 28.13 | Өзге де сорғыларды, компрессорларды, тығындар мен қақпақшаларды өндіру | ||
| 28.14 | Өзге де шүмектер мен вентильдер өндіру | ||
| 28.2 | Жалпы мақсаттағы өзге де техниканы өндіру | ||
| 28.21 | Плиталар, пештер және пеш оттықтарын өндіру | ||
| 28.22 | Көтеру және тасымалдау жабдығын өндіру | ||
| 28.23 | Кеңсе техникасы мен жабдығын өндіру (компьютерлер мен перифериялық жабдықты қоспағанда) | ||
| 28.24 | Қол электр құралдарын өндіру | ||
| 28.25 | Өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын өндіру | ||
| 28.29 | Басқа топтамаларға енгізілмеген, жалпы мақсаттағы өзге де машиналар мен жабдықтар өндіру | ||
| 28.3 | Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын өндіру | ||
| 28.30 | Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын өндіру | ||
| 28.4 | Металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықты және механикалық станоктарды өндіру | ||
| 28.41 | Металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықты өндіру | ||
| 28.49 | Өзге де металл өңдейтін станоктарды өндіру | ||
| 28.9 | Арнайы мақсаттағы техниканың өзге де түрлерін өндіру | ||
| 28.91 | Металлургияға арналған машиналар мен жабдық өндіру | ||
| 28.92 | Тау-кен өндіру өнеркәсібіне, жер асты жұмыстарын әзірлеуге және құрылысқа арналған техниканы өндіру | ||
| 28.93 | Тамақ өнімдерін, сусындарды және темекі өнімдерін өндіруге және қайта өңдеуге арналған жабдықты өндіру | ||
| 28.94 | Тоқыма, тігін, үлбір және тері бұйымдарын дайындауға арналған жабдықты өндіру | ||
| 28.95 | Қағаз бен картонды дайындауға арналған техниканы өндіру | ||
| 28.96 | Резеңкені, пластмассалар мен басқа да полимер материалдарын қайта өңдеуге арналған жабдықты өндіру | ||
| 28.99 | Басқа топтамаға енгізілмеген, арнайы мақсаттағы өзге де машиналар мен жабдықтарды өндіру | ||
| 29 | Автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндіру | 29.1 | Автокөлік құралдарын өндіру |
| 29.10 | Автокөлік құралдарын өндіру | ||
| 29.2 | Автокөлік құралдарына арналған шанақтарды өндіру; трейлерлерді және жартылай тіркемелерді өндіру | ||
| 29.20 | Автокөлік құралдарына арналған шанақтарды өндіру; трейлерлерді және жартылай тіркемелерді өндіру | ||
| 29.3 | Автокөлік құралдары мен олардың қозғалтқыштарының бөлшектері мен керек-жарақтарын өндіру | ||
| 29.31 | Автокөлік құралдарына арналған электрлік және электрондық жабдық өндіру | ||
| 29.32 | Автокөлік құралдары мен олардың козғалтқыштарының өзге де бөлшектері мен құрал-саймандарын өндіру | ||
| 30 | Өзге де көлік құралдарын өндіру | 30.1 | Теңіз кемелері мен қайықтарды өндіру |
| 30.11 | Корабльдерді және жүзетін конструкцияларды жасау | ||
| 30.12 | Серуендеу және спорт қайықтарын жасау | ||
| 30.2 | Темір жол локомотивтері мен жылжымалы құрамды өндіру | ||
| 30.20 | Темір жол локомотивтері мен жылжымалы құрамды өндіру | ||
| 30.3 | Әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын өндіру | ||
| 30.30 | Әуе, ғарыш және т.с.с техникасын өндіру | ||
| 30.4 | Әскери ұрыс автокөлік құралдарын өндіру | ||
| 30.40 | Әскери ұрыс автокөлік құралдарын өндіру | ||
| 30.9 | Басқа топтамаларға енгізілмеген, көлік жабдығын өндіру | ||
| 30.91 | Мотоциклдерді өндіру | ||
| 30.92 | Велосипедтер мен мүгедектер арбаларын/креслоларын өндіру | ||
| 31 | Жиһаз өндіру | 31.0 | Жиһаз өндіру |
| 31.01 | Кеңсе және студия жиһаздарын өндіру | ||
| 31.2 | Ас үй жиһазын өндіру | ||
| 31.02 | Ас үй жиһазын өндіру | ||
| 31.3 | Матрастар өндіру | ||
| 31.03 | Матрастар өндіру | ||
| 31.09 | Өзге де жиһаз өндіру | ||
| 32 | Өзге де дайын бұйымдарды өндіру | 32.2 | Музыкалық аспаптарды өндіру |
| 32.20 | Музыкалық аспаптарды өндіру | ||
| 32.5 | Медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтарды өндіру | ||
| 32.50 | Медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтарды өндіру | ||
| 32.9 | Басқа топтамаларға енгізілмеген, өзге де дайын бұйымдарды өндіру | ||
| 32.99 | Басқа топтамаларға енгізілмеген, өзге де өнімдерді өндіру | ||
| 33 | Машиналар мен жабдықты жөндеу және орнату | 33.1 | Дайын металл бұйымдарын, машиналар мен жабдықты жөндеу |
| 33.11 | Дайын металл бұйымдарды жөндеу | ||
| 33.12 | Машиналар мен жабдықты жөндеу | ||
| 33.13 | Электрондық және оптикалық жабдықты жөндеу | ||
| 33.14 | Электр жабдығын жөндеу | ||
| 33.15 | Корабльдер мен қайықтарды жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету | ||
| 33.16 | Әуе кемелері мен ғарыш кемелерін жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету | ||
| 33.17 | Көлік жабдықтарының өзге де түрлерін жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету | ||
| 33.19 | Өзге де жабдықтарды жөндеу | ||
| 33.2 | Өнеркәсіптік техника мен жабдықты монтаждау | ||
| 33.20 | Өнеркәсіптік техника мен жабдықты монтаждау | ||
| 35 | Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондициялау | 35.1 | Электр энергиясын өндіру, беру және бөлу |
| 35.11 | Электр энергиясын өндіру | ||
| 35.12 | Электр энергиясын беру | ||
| 35.13 | Электр энергиясын бөлу | ||
| 35.14 | Электр энергиясын тұтынушыға сату | ||
| 35.2 | Газ тәрізді отынды өндіру және бөлу | ||
| 35.21 | Газ тәрізді отынды өндіру | ||
| 35.22 | Құбыржолдар арқылы газ тәрізді отынды бөлу | ||
| 35.23 | Газ тәрізді отынды құбыржолдар арқылы сату | ||
| 35.3 | Бу беру және ауаны тазалау жүйелері | ||
| 35.30 | Бу беру және ауаны тазалау жүйелері | ||
| 38 | Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату | 38.1 | Қалдықтарды жинау |
| 38.12 | Қауіпті қалдықтарды жинау | ||
| 38.2 | Қалдықтарды өңдеу және жою | ||
| 38.21 | Қауіпсіз қалдықтарды өңдеу және жою | ||
| 38.3 | Қалдықтарды кәдеге жарату | ||
| 38.32 | Сұрыпталған материалдарды кәдеге жарату | ||
| 42 | Азаматтық құрылыс | 42.1 | Автомобиль және темір жолдарды салу |
| 42.11 | Жолдар мен тас жолдар салу | ||
| 42.12 | Темір жолдар мен метро салу | ||
| 42.13 | Көпірлер мен туннельдер салу | ||
| 42.2 | Инженерлік құрылыстарды салу | ||
| 42.21 | Инженерлік тарату объектілерін салу | ||
| 42.22 | Электр энергиясымен және телекоммуникациямен қамтамасыз ету үшін тарату объектілерін салу | ||
| 42.9 | Азаматтық құрылыстың өзге де объектілерін салу | ||
| 42.91 | Су құрылыстарын салу | ||
| 42.99 | Басқа топтамаларға енгізілмеген, азаматтық өзге де құрылыс объектілерін салу | ||
| 49 | Құрлықтағы көлік және құбыржолдар арқылы тасымалдау | 49.3 | Өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігі |
| 49.31 | Қалалық және қала маңына жүретін жерүсті жолаушылар көлігі | ||
| 49.39 | Басқа санаттарға жатқызылмаған, жерүсті жолаушылар тасымалдарының өзге де түрлері | ||
| 49.4 | Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау және қалдықтарды шығару жөніндегі қызметтер | ||
| 49.41 | Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау | ||
| 49.42 | Тасымалдау жөніндегі қызметтер | ||
| 49.5 | Құбыржолдармен тасымалдау | ||
| 49.50 | Құбыржолдармен тасымалдау | ||
| 50 | Су көлігі | 50.1 | Теңізде және жағалауда жүретін жолаушылар көлігі |
| 50.10 | Теңізде және жағалауда жүретін жолаушылар көлігі | ||
| 51 | Әуе көлігі | 51.1 | Әуе жолаушылар көлігі |
| 51.10 | Әуе жолаушылар көлігі | ||
| 51.2 | Әуе жүк көлігі және ғарыштық көлік жүйесі | ||
| 51.21 | Әуе жүк көлігі | ||
| 51.22 | Ғарыштық көлік жүйесі | ||
| 52 | Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі | 52.2 | Тасымалдау кезіндегі қызметтің қосалқы түрлері |
| 52.22 | Су көлігі саласындағы қызметтер | ||
| 52.23 | Әуе көлігі саласындағы қызметтер | ||
| 55 | Тұруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер | 55.1 | Қонақ үйлердің қызметтерді ұсынуы |
| 55.10 | Қонақ үйлердің қызметтерді ұсынуы | ||
| 55.30 | Туристік лагерьлер, демалыс және ойын-сауық парктері | ||
| 59 | Кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, фонограммалар мен музыкалық жазбалар жасау | 59.1 | Кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар жасау жөніндегі қызмет |
| 59.11 | Кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар жасау жөніндегі қызмет | ||
| 60 | Бағдарламалар жасау жөніндегі қызмет және теле-радио хабарларын тарату | 60.1 | Радиохабарын тарату |
| 60.10 | Радиохабарын тарату | ||
| 60.2 | Телевизиялық бағдарламалар жасау және көрсету жөніндегі қызмет | ||
| 60.20 | Телевизиялық бағдарламалар жасау және көрсету жөніндегі қызмет | ||
| 61 | Байланыс | 61.1 | Кәбільдік телекоммуникациялық байланыс |
| 61.10 | Кәбільдік телекоммуникациялық байланыс | ||
| 61.2 | Сымсыз телекоммуникациялық байланыс | ||
| 61.20 | Сымсыз телекоммуникациялық байланыс | ||
| 61.3 | Телекоммуникациялардың спутниктік жүйесі | ||
| 61.30 | Спутниктік телекоммуникациялар саласындағы қызмет | ||
| 68 | Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 68.2 | Жалға беру және жеке меншік немесе жалға берілетін жылжымайтын мүлікті басқару |
| 68.20 | Жалға беру және жеке меншік немесе жалға берілетін жылжымайтын мүлікті пайдалану | ||
| 85 | Білім беру | 85.1 | Мектепке дейінгі (бастауышқа дейінгі) білім |
| 85.10 | Мектепке дейінгі (бастауышқа дейінгі) білім | ||
| 85.2 | Бастауыш білім (бірінші саты) | ||
| 85.20 | Бастауыш білім (бірінші саты) | ||
| 85.3 | Орта білім (екінші және үшінші сатылар) | ||
| 85.31 | Негізгі және жалпы орта білім | ||
| 85.32 | Техникалық және кәсіптік орта білім | ||
| 85.4 | Жоғары білім | ||
| 85.41 | Ортадан кейінгі білім | ||
| 85.42 | Жоғары білім | ||
| 86 | Денсаулық сақтау саласындағы қызмет | 86.1 | Аурухана мекемелерінің қызметі |
| 86.10 | Аурухана мекемелерінің қызметі | ||
| 93 | Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет | 93.1 | Спорт саласындағы қызмет |
| 93.11 | Спорт объектілерінің қызметі | ||
| 93.2 | Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет | ||
| 93.29 | Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызметтің өзге де түрлері |
Документ утратил силу