Все сервисы
Anyqtama
Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі
ведомствоаралық комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 19 Қаулысы
(2007.14.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 6 қаңтардағы
№ 19 қаулысына
Қосымша
ҚР Үкіметінің 2006.27.03. № 209 (бұр.ред.қара); 2007.14. 09. № 804 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
| Есімов Ахметжан Смағұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төраға
|
| Сағынов Замир Садықұлы
| - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетi төрағасының орынбасары
|
| Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
|
| Белихин Иван Васильевич | - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
|
| Әбілбекова Айгүл Әбілқадырқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры
|
| Санатова Майра Тақауқызы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаментінің директоры
|
| Керімбеков Әрсен Жақашұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры
|
Редакция документа
Демо – версия документа