Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналасындағылар үшін қауіпті төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1937 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 26 ноября 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 28 сентября 2015

Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналасындағылар үшін қауіпті төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1937 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 735 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығын қараңыз

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналасындағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесі бекітілсін.

2. "Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың медициналық көмек алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 қазандағы № 997 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 425-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қарашадағы

№ 1937 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен

азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік

берілген көлемін алуға құқылы болатын айналасындағылар үшін

қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесі

 

1. Дифтерия

2. Қызылша

3. Қызамық

4. Көкжөтел

5. Жәншау

6. Жел шешек

7. Эпидемиялық паротит

8. А, В, С паратифтері

9. Полиомиелит

10. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар

11. Тұмау

12. Менингококк инфекциясы

13. Тырысқақ

14. Іш сүзегі

15. Туберкулез

16. Күйдіргінің өкпелік түрі

17. Оба

18. Геморрагиялық вирустық қызба

19. А, Е вирустық гепатиті

20. Безгек

21. Жіті ішек инфекцияларының тобы

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом