Все сервисы
Anyqtama
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 936 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 18 маусымдағы
№ 936 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен
бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссияның
құрамы
| Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
|
| Құсайынов Марат Әпсеметұлы
| - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары
|
| Қамбарова Халида Мұрдынқызы
| - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің директоры, хатшы
|
| Бектұров Азат Ғаббасұлы
| - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі
|
| Біртанов Елжан Амантайұлы
| - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
|
| Қосынов Алмас Олжабайұлы
| - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі
|
| Мағауов Әсет Маратұлы
| - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі
|
| Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы
| - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі
|
Редакция документа
Демо – версия документа