Все сервисы
Anyqtama
Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 Қаулысы
(2010.15.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 1 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008.18.03. № 262 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
ҚР Үкіметінің 2008.18.03. № 262 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандары:
жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акт;
тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акт;
уақытша (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін акт;
уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беретін акт;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы 851 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 35, 351-құжат);
2) «Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 990 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 39, 404-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2008.24.12. № 1250 Қаулысымен акт өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.15.02. № 96 Қаулысымен акт өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік құн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред. қара)
Редакция документа
Демо – версия документа