Введите номер документа
Прайс-лист

«Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 Қаулысы (2013.08.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 30 декабря 2011
Статус
Утратил силу
утратил силу с 30 ноября 2015

Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 Қаулысы

(2013.08.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды

 

«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабы 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 1676 қаулысымен

бекітілген

 

 

Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу

қағидалары

 

ҚР Үкіметінің 2013.08.08. № 811 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Осы Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу тәртібін, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында астықты қабылдау, өлшеу, тазалау, кептіру, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі операцияларды ресімдеу және есепке алу, астық сақтау қоймаларында сақтаудағы астықтың мөлшерін айқындау тәртібін айқындайды.

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) астық иесі - астығын астық қабылдау кәсіпорнына сақтауға берген жеке немесе заңды тұлға;

2) астық партиясы - астық сапасы туралы мәліметтері бар құжаттармен ресімделген, бір жылғы егіннің сапасы бойынша біртекті оқшауланған астық мөлшері;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом