Все сервисы
Anyqtama
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгізу, күшi жойылған деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 ж. 19 қаңтардағы № 71 қаулысы
(2005.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 7 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне қоса берiлiп отырған өзгертулер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Үкіметінiң
1996 жылғы 19 қаңтардағы
№ 71 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар
1. «Қазақ ССР-iнiң қалалары мен жұмысшы поселкелеріндегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін техникалық инвентаризациялау туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1984 жылғы 18 қаңтардағы № 24 қаулысымен бекітілген Қазақ КСР-iнiң қалалары мен жұмысшы поселкелеріндегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін техникалық инвентаризациялау туралы Ереженiң 1 және 6-тармақтарынан (Қазақ КСР ҚЖ, 1984 ж., № 4, 10-бап) «жеке» сөзi алынып тасталсын.
ҚР Үкіметінің 15.07.96 ж. № 905 қаулысымен 2-тармақтың күшi жойылды
2.
3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендiру туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы № 66 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендiру туралы Ереженiң 2-тармағынан (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 3, 48-бап) «Қазақ ССР-індегі меншiк туралы» сөздерi алынып тасталсын.
Редакция документа
Демо – версия документа