Все сервисы
Anyqtama
Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1386 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 29 қарашадағы
№ 1386 қаулысына
қосымша
Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің
құрамы
| Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы
| - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
| Исекешев Әсет Өрентайұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төрағаның орынбасары |
| Тулеушин Қаныш Аманбайұлы
| - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, хатшы |
| Әшім Нұрғали Сәдуақасұлы
| - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрi |
| Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы
| - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi |
| Жәмішев Болат Бидахметұлы
| - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
| Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы
| - Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі |
| Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы
| - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрi |
| Қайырбекова Салидат Зикенқызы
| - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi |
Редакция документа
Демо – версия документа