Все сервисы
Anyqtama
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жарлыққа түсініктемені қараңыз
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелері бекітілсін.
2. «Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 363 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы тамыздың 26-сы.
№ 861
Президентінің
2009 жылғы 26 тамыздағы
№ 861 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Республикалық бюджет жобасын әзірлеу
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық бюджет жобасын әзірлеудің осы ережелері (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және республикалық бюджет жобасын әзірлеу тәртібін айқындайды.
2. Республикалық бюджет жобасын әзірлеу процесі мынадай кезеңдерді:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлері болжамының жобасын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің мақұлдауын;
2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын, бюджеттік өтінімдерді әзірлеу және оларды Республикалық бюджет комиссиясында қарауды;
3) республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеуді қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы
мен бюджеттік параметрлері болжамының жобасын әзірлеу
3. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.
4. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып әзірленеді және:
Редакция документа
Демо – версия документа