Все сервисы
Anyqtama
Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығы
(2026.27.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026.08.07. № 396/НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 27 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026.08.07. № 396/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 27 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026.08.07. № 396/НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 27 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті (Б.Б. Мусин):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және МОИП-да орналастыруды;
3) осы бұйрықтан шығатын басқа шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.

Добавить в список основных источников в Google