Все сервисы
Anyqtama
Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 237 бұйрығы
(2026.13.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 192 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026.26.05. № 192 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 13 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 114-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына қоса берілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының кейбір бұйрықтары мен құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтің сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Добавить в список основных источников в Google