Все сервисы
Anyqtama
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы
Осы редакция 2016 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, 82-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі құрылсын.
2. Осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2016 жылғы ақпанның 3-і.
№ 188
Президентінің
2016 жылғы 3 ақпандағы
№ 188 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің
ҚҰРАМЫ
| Смолин Анатолий Сергеевич | - Төраға |
мүшелері:
| Аланов Жақсылық Рзабекұлы
| - Маңғыстау облыстық сотының төрағасы |
| Балағұмарова Ардақ Дүйсенбекқызы
| - Астана қалалық сотының судьясы |
| Қаржаубаев Ербол Қазиұлы
| - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор |
| Кудекова Ләзат Серікқызы
| - Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы |
| Құрықбаев Әділ Жамбасбайұлы
| - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы |
| Мамонтов Николай Иванович
| - отставкадағы судья |
| Пазылов Нәби Әлиакбарұлы
| - отставкадағы судья |
| Раисова Балгүл Амангелдіқызы
| - Республикалық адвокаттар алқасы төрағасының кеңесші |
| Хожабергенов Мұрат Амангелдіұлы
| - Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы
|
Редакция документа
Демо – версия документа