Все сервисы
Anyqtama
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 27 тамыздағы № 582 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тіліндеріндегі көшімесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2026 жылғы 27 тамыздағы
№ 582 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 170 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Добавить в список основных источников в Google