Введите номер документа
Прайс-лист

«Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 432 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 30 сентября 2020
Статус
Действующийвведен в действие с 17 октября 2020
Дата последнего изменениясреда, 30 сентября 2020

«Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 432 бұйрығы

 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 сәуірде № 7586 тіркелген, (Егемен Қазақстан газетінде 2012 жылы 12 мамырда жарияланған) «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін.

Осы бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы қағидасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі

 

М. Бекетаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Цифрлық даму министрлігі

инновация және аэроғарыш өнеркәсібі

Қазақстан Республикасы

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2020 жылғы 30 қыркүйектегі

№ 432 бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2012 жылғы 28 наурыздағы

№ 131 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом