Все сервисы
Anyqtama
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 16 қазандағы № 382-н/қ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 16 қазандағы
№ 382-н/қ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. «Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

Добавить в список основных источников в Google