Все сервисы
Anyqtama
«Қазақстан Республикасы астық туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 471 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы астық туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 471 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14556 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасының
Демо – версия документа