Все сервисы
Anyqtama
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-334/2020 бұйрығы
(2026.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 2 қарашадағы № 156 бұйрығын қараңыз (2028 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2026.02.11. № 156 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 9-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Мынадай:
1) «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 150 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10970 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған);
2) «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 150 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сактау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 5 мамырдағы № 251 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 15276 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Добавить в список основных источников в Google