Все сервисы
Anyqtama
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 13 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
Р. Исакулов |
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін
атқарушының
2026 жылғы 15 қаңтардағы
№ 13 бұйрыққа
қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде осы бағдарламаға қатысушы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 122 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16572 тіркелген).
Документ не введен в действие
Демо – версия документа