Все сервисы
Anyqtama
Жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті депозитарийге тапсыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығы
(2026.05.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2026.14.08. № 547 бұйрығымен кiрiспе жаңа редакцияда (2026 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 7-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН.
1. Қоса беріліп отырған жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті депозитарийге тапсыру қағидаларын бекіту туралы.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 28 қаңтардағы
№ 94 бұйрығымен бекітілген
Жария мүдделі ұйымдардың депозитарийге қаржылық есептілікті ұсыну
қағидалары

Добавить в список основных источников в Google