Все сервисы
Anyqtama
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларын және оған мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізуді растайтын куәліктің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1315 бұйрығы
(2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы:
ҚР Әділет министрінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 420 бұйрығын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Әділет министрінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 84 бұйрығын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Әділет министрінің 2020.19.03. № 104 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің м.а. 2026.09.07. № 668 бұйрығымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 1 және 6-тармақтарына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2020.19.03. № 104 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар бекітілсін:
1) Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және оларға өзгерістерді енгізу қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне ақпарат енгізу туралы куәліктің нысаны.
ҚР Әділет министрінің 2022.30.09. № 819 бұйрығымен (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.15.02. № 121 бұйрығымен (2023 ж. 5 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

Добавить в список основных источников в Google