Все сервисы
Anyqtama
Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 4-НҚ нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 41, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 1, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 12 наурыздағы № 37 бірлескен бұйрығы
(2026.24.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2026.27.10. № 17-НҚ нормативтік қаулысымен және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2026.29.10. № 284-НҚ, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026.03.11. № 136/ҚЕ, ҚР Бас Прокурорының 2026.09.11. № 179 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі - Жоғары аудиторлық палата) туралы ереженің 14-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Жоғары аудиторлық палата ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі БҰЙЫРАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидалары бекітілсін.

Добавить в список основных источников в Google