Все сервисы
Anyqtama
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 18 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына
3-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021.17.06. № ҚР ДСМ-51 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026.17.09. № 110 бұйрығымен (2026 ж. 3 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары жаңа редакцияда
«Наркология» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
(2026.03.10. берілген өзгерістермен)
1. Осы «Наркология» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Наркология» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық сұрау салуды береді, онда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама - есеп жіберіледі, бұл ретте жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

Добавить в список основных источников в Google