Все сервисы
Anyqtama
Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығы
(2026.03.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026.17.09. № 110 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 3 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021.17.06. № ҚР ДСМ-51 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) «Фтизиатрия» фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
3) «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары» бекітілсін;

Добавить в список основных источников в Google