Все сервисы
Anyqtama
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы
(2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 ж. 12 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәжірибені енгізуге ынталандыру мақсатында қаулы етемін:
1. 2008 жылдан бастап жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу белгіленсін.
2. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған:
1) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің ережелері;
2) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2008 жылғы қаңтардың 23-і.
№ 523
Қазақстан Республикасы Президентінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы
№ 523 Жарлығымен
бекітілген
ҚР Президентінің 2026.01.07. № 1337 Жарлығымен тақырыбындағы «ережелері» деген сөз «қағидасы» деген сөзбен, «жалпы ережелер» деген сөздерді қоспағанда, бүкіл мәтіні бойынша «ережелері», «ережелер», «ережелердің», «ережелерге», «ереже», «ережелеріне» деген сөздер тиісінше «қағидасы», «қағида», «қағиданың», «қағидаға», «қағида», «қағидасына» деген сөздермен ауыстырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің
қағидасы
1. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 2010.16.07. № 1029 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Добавить в список основных источников в Google