Все сервисы
Anyqtama
«Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 316 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 21 тамыздағы № 500/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12864 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қантар жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаментіне (Жахметова Ж. З.):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

Добавить в список основных источников в Google