Все сервисы
Anyqtama
Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын және құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының басшыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 мамырдағы № 246 бұйрығы
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 қазандағы № 549 бұйрығын қараңыз (2027 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 24-бабының 36) және 50) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалары);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының басшыларына қойылатын талаптары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап мыналар белгіленсін:
Қағидалардың 9-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:

Добавить в список основных источников в Google